Павлодар облысы – зияткерлік олимпиадалар бойынша республикада үздіктер қатарында
Павлодар облысы 2025–2026 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің білім беру кеңістігінде өзінің мықты орнын тағы да дәлелдеді. Биылғы зияткерлік додаға 676 мектептен 1636 оқушы қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін жан-жақты сынға салды. Нәтижесінде еліміз бойынша 114 үздік білім беру ұйымы анықталды.
Осы беделді рейтингте Павлодар өңірінен 8 мектеп үздік 100 білім беру ұйымының қатарына енді, бұл – өңірлік білім сапасының жүйелі дамуы мен ұстаздар қауымының еңбегінің нақты көрсеткіші.
Республикалық олимпиадалық рейтингте Павлодар облысының бірқатар білім беру ұйымдары жоғары орындарға ие болды: 10 орын – дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы, 11 орын – дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі, 14 орын – Білім-Инновация лицейі (ер балаларға арналған), 16 орын – мамандандырылған «Жас Дарын» мектеп-лицейі, 24 орын – Шәмкенов атындағы мектеп, 24 орын – Екібастұз қаласының Білім-Инновация лицейі, 24 орын – Абай атындағы мектеп (Баянауыл ауданы), 24 орын – Ақсу қаласындағы Гагарин атындағы мектеп.
Бұл нәтижелер Павлодар облысындағы білім беру ұйымдарының олимпиадалық бағыттағы жүйелі жұмысының, дарынды оқушыларды қолдау мен тереңдетілген даярлықтың нәтижесі екенін көрсетеді.
Павлодар облысы республикалық олимпиадалық мектептер рейтингінде биыл да жоғары нәтиже көрсетіп, бірқатар білім ордалары өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты. мамандандырылған «Жас Дарын» мектеп-лицейі 32 орыннан 26 орынға көтерілсе, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы 25 орыннан 14 орынға жоғарылады.
Сонымен қатар, алғаш рет рейтингке енген мектептер де бар: Шәмкенов атындағы мектеп – 93 орын, Екібастұз қаласының Білім-Инновация лицейі – 95 орын, Баянауыл ауданы Әуезов атындағы мектеп – 100 орын, Ақсу қаласы Гагарин атындағы мектеп – 100 орын.
Бұл мектептердің рейтингке енуі – өңірлік білім беру жүйесінің ауқымы кеңейіп, сапа деңгейінің тұрақты түрде артып келе жатқанын айғақтайды.
Павлодар облысының республикалық олимпиадалық рейтингтегі жетістігі – оқушылардың білімге деген ұмтылысы мен ұстаздардың кәсіби еңбегінің нәтижесі. Өңір мектептері тек жоғары орындарға ие болып қана қоймай, сонымен қатар жаңа білім беру орталықтарының да қалыптасып келе жатқанын көрсетті.
Загрузка...