«Мектеп көктемі» – тәжірибе мен шығармашылық алаңы

Железин ауданының №1 жалпы орта білім беру мектебінде дәстүрлі «Мектеп көктемі» атты әдістемелік іс-шара өтті. Іс-шара педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және оқу жылының қорытындысын шығаруға арналды.

Мектеп әкімшілігі мен әдістемелік бірлестіктің ұйымдастыруымен өткен кездесуге мектеп мұғалімдері мен аудандық білім беру бөлімінің әдіскерлері қатысты.

Іс-шара «Ғылым», «Спорт», «Шығармашылық» және «Педагогикалық шеберхана» бағыттары бойынша ұйымдастырылып, педагогтер шеберлік сағаттарын өткізіп, өздерінің үздік тәжірибелерімен бөлісті. Мұғалімдер заманауи білім беру технологияларын, оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді таныстырды.

Білім беру бөлімінің әдіскерлері педагогтердің кәсіби деңгейін жоғары бағалап, мұндай іс-шаралардың тәжірибе тарату мен педагогикалық қауымдастықты нығайтудағы маңызын атап өтті.

«Мектеп көктемі» – шығармашыл ұстаздарды қолдауға және заманауи білім беру ортасын дамытуға бағытталған игі дәстүрдің жалғасы болды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий