«Тәртіпті азамат – қоғам тірегі»: Павлодарда студенттерге арналған практикалық тимбилдинг өтті

Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің базасында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Тәртіпті азамат – қоғам тірегі» атты практикалық тимбилдинг өтті. Іс-шараға Павлодар қаласы колледждерінің студенттері, құқық қорғау органдарының өкілдері және педагогикалық қоғамдастық қатысты.

Тимбилдингтің негізгі мақсаты жастар арасында құқықтық мәдениетті, жауапкершілікті, командалық жұмыс дағдыларын және нақты әрі цифрлық ортадағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгі қоғамға кәсіби маман ғана емес, заңды құрметтейтін, саналы шешім қабылдай алатын белсенді азамат қажет.

Іс-шара практикалық форматта ұйымдастырылды. Студенттер тақырыптық станциялардан өтіп, құқықтық викториналарға қатысты, түрлі өмірлік жағдайларды талдап, командалық тапсырмалар орындады. Сонымен қатар қатысушылар топпен жұмыс істеуді, өзара әрекеттесуді және ортақ шешім қабылдауды тәжірибе жүзінде меңгерді.

Тимбилдинг барысында құқық бұзушылықтардың, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар жастар арасында сыйластық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Шара соңында қатысушылар мұндай тәжірибелік кездесулердің «Заң мен тәртіп» құндылықтарын нығайтып, Павлодар қаласы колледждерінің бірыңғай тәрбие кеңістігін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий