Павлодарда «Жас жол инспекторы» облыстық слеті өтті
М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының базасында «Жас жол инспекторы» облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шараның басты мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жасөспірімдер арасында жол қозғалысы ережелерін насихаттау және балалар қауіпсіздігіне қоғам назарын аудару.
Биылғы слетке облыстың қала-аудандарынан барлығы 12 команда қатысты. Қатысушылар жол қозғалысы ережелерін білу, велосипедті мәнерлеп жүргізу, жас реттеуші, жас санитар және эрудиттер турнирі секілді бірнеше кезең бойынша өзара бақ сынады. Сонымен қатар, командалар жол қауіпсіздігін насихаттайтын шығармашылық үгітбригадаларын да ұсынды.
Іс-шараны Павлодар облысының білім беру басқармасы, облыстық полиция департаменті және Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамы бірлесіп ұйымдастырды.
Слет қорытындысы бойынша:
ІІІ орынды Павлодар қаласындағы Бекхожин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің командасы иеленді.
ІІ орын Павлодар ауданы Черноярка мектебінің жас инспекторлар жасағына бұйырды.
Ал І орынды Ақсу қаласындағы М. Қабылбеков атындағы мектептің командасы жеңіп алды.
Жас инспекторлар слеті қатысушылардың білімін шыңдап қана қоймай, жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Загрузка...

