Павлодарда «Жас құтқарушы – 2026» жарысы өтті

Мектеп оқушылары арасында «Жас құтқарушы – 2026» облыстық жарысы ұйымдастырылды. Ауқымды іс-шараға аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары атанған командалар қатысып, жасөспірімдер өздерінің ептілігі мен төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын көрсетті. Жалпы жарысқа 7–10 сыныптардан 80 оқушы қатысты.

Сайыстың негізгі мақсаты — оқушыларға қауіпсіздік ережелерін үйрету, өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуге баулу және алғашқы медициналық көмек көрсету машықтарын қалыптастыру болды.

Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар таныстыру кезеңінде өз командаларын таныстырып, кейін өрт сөндіру эстафетасында, авариялық-құтқару жұмыстарында, алғашқы көмек көрсету және судағы құтқару тапсырмаларында бақ сынады.

Әсіресе өрт сөндіру эстафетасы көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды. Оқушылар кедергілерден өтіп, өрт сөндіргіштерді тасымалдап, арнайы құралдарды қосып, жауынгерлік киім киіп, шартты зардап шеккен адамды эвакуациялау тапсырмаларын орындады. Осы арқылы олар құтқарушы мамандығының жауапкершілігі мен күрделілігін сезінді.

Жарысқа тұрақты түрде қатысып жүрген Галкино ауылының командасы да өз шеберлігін көрсетті. Қатысушылардың айтуынша, мұндай сайыстар тек жарыс қана емес, өмірде қажет болатын маңызды тәжірибе мектебі.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік командалар республикалық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий