Павлодарда Балаларды қорғау күні кең көлемде аталып өтті
1 маусым күні Ертіс жағалауындағы Ertis Promenade алаңында өңірдегі ең ауқымды балалар мерекелерінің бірі – «Ertis Bala Magic Show: Балалық шақ аңыздары тірілген жер» мерекесі өтті.
Жаздың алғашқы күнінде жағалау ертегіге, ғажайыпқа және балалық арманға толы ерекше мекенге айналды. Мыңдаған бүлдіршіндер мен қала қонақтары жарқын әсерге, шығармашылыққа және қуанышқа толы мерекенің куәсі болды.
Мерекелік бағдарлама М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының 300-ден астам тәрбиеленушісі қатысқан ауқымды театрландырылған прологпен ашылды. Мерекенің көркін қазақ ертегілерінің кейіпкерлері, ұлттық аңыздар мен эпостардың батырлары, сондай-ақ танымал мультфильмдер мен анимациялық әлемдердің сүйікті кейіпкерлері қатысқан әсерлі шеру аша түсті.
Балалар үшін күні бойы шығармашылық шеберлік сабақтары, интерактивті алаңдар, спорттық аймақтар, VR-кеңістіктер, көрмелер, арт-аймақтар және отбасылық шоу-бағдарламалар ұйымдастырылды.
500-ден астам жас өнерпаз көрермендерге жарқын концерттік бағдарлама ұсынып, мерекенің шарықтау шегі балаларды, ата-аналарды және ертегі кейіпкерлерін бір арнаға тоғыстырған ауқымды флешмобқа ұласты.
Ertis Bala Magic Show тағы да Павлодардың бақытты балалық шақтың, шығармашылықтың және өскелең ұрпаққа арналған зор мүмкіндіктердің мекені екенін дәлелдеді.
Загрузка...

