Балаларды қорғау күні: Екібастұзда жазғы маусым салтанатты түрде басталды

Балаларды қорғау күні Екібастұз балалары үшін үлкен мүмкіндіктер алаңына айналды. Қаланың әртүрлі нүктелерінде өткен мерекелік іс-шараларда балалар өрт сөндірушілер мен полицейлердің жұмысымен танысып, шығармашылық, спорт, музыка және заманауи технологиялар бағытындағы алаңдарға қатысты.

«Самғау» балалар шығармашылық орталығында «Екібастұздың бақытты балалары» бейіндік лагерінің ашылуы өтті. Мұнда оқушыларға жазғы бағдарламалардың мүмкіндіктерін таныстырған 21 интерактивті алаң жұмыс істеді. Шығармашылық, туризм, ұлттық өнер, спорт және білім беру бағыттары балалардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыруға жол ашты. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың қатысуына да барлық жағдай жасалды.

– Әр баланың өз қызығушылығын тауып, қабілетін ашып, өз күшіне сенуі маңызды. Экибастұз өңіріндегі жазғы бағдарламалар дәл осы мақсатқа бағытталған, – деді Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің басшысы Лаура Дисюпова.

Мереке жазғы сауықтыру маусымының басталуына жол ашты. Өңірде мектеп жанындағы лагерьлер, шығармашылық алаңдар мен бейіндік бағдарламалар жұмысын бастады. Жаз мезгілінде демалыс, сауықтыру және жұмыспен қамту шараларымен 22 мыңнан астам баланы қамту жоспарланып отыр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий