«Этножаз-2026»: ұлттық құндылықтарды ұлықтаған ерекше жазғы лагерь
Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Нығыманов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Этножаз-2026» киіз үй жазғы лагерінің салтанатты ашылуы өтті.
Ашылу рәсімінде оқушылар күмбірлеген күй орындап, ұлттық нақыштағы билер биледі. Асық ойынын насихаттап, қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен салт-дәстүрлерін таныстырды. Қыз балалар шаш өру мен шашбау тағу дәстүрлерін көрсетіп, ұлттық тәрбиенің көрінісін паш етті.
Лагерьге 63 оқушы қатысуда. Бағдарлама аясында балалар ұлттық тағамдарды әзірлеуді, қолөнер түрлерін меңгеруді үйреніп, түрлі танымдық және тәжірибелік іс-шараларға қатысады. Сондай-ақ «Шебер қолдар» және «СӨС» үйірмелерінде шығармашылық қабілеттерін дамытып, салауатты өмір салтының маңызын түсінеді.
Киіз үй лагерінің басты ерекшелігі – оқушыларды ұлттық әрі табиғи тағамдарды тұтынуға баулу. Осы мақсатта жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен ұлттық тағамдарды дайындау бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылады.
Биыл алғаш рет қолға алынған «Этножаз-2026» жобасы жас ұрпақтың ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттырып, олардың туған елдің рухани мұрасын құрметтеуіне ықпал етуді көздейді.
Загрузка...– Бұл лагерьде ұлттық құндылықтар туралы көп нәрсе үйренемін деп ойлаймын. Асық ойнап, қолөнермен айналысып, ұлттық тағамдардың дайындалу жолдарын білгім келеді. Жазғы демалысымды пайдалы әрі қызықты өткізетініме сенімдімін, – дейді лагерь қатысушысы.

