Ертіс ауданында дарынды оқушылармен «Диалог алаңы» өтті

Халықаралық балаларды қорғау күні аясында Ертіс ауданының Ертіс балалар өнер мектебінің базасында аудан әкімінің орынбасары Роза Ақановамен республикалық және облыстық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қатысуымен «Диалог алаңы» өтті.

Кездесу барысында дарынды оқушылар өз жетістіктері, білім жолындағы ізденістері және болашаққа қойған мақсат-міндеттері туралы ой бөлісті. Олар олимпиадаларға дайындық тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы жоспарларын таныстырды.

Аудан әкімінің орынбасары Роза Ақанова жас дарындарды жоғары жетістіктерімен құттықтап, талантты балаларды қолдау мен олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті. Өз сөзінде ол өскелең ұрпақтың табыстары ауданның мақтанышы екенін, олардың жетістіктері еңбекқорлықтың, табандылықтың және білімге деген құштарлықтың жарқын көрінісі екенін айтты.

Диалог алаңында сапалы білім алумен қатар оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, ғылыми-зияткерлік жобаларға қатысуы және жастардың бастамаларын қолдау мәселелері талқыланды.

Мұндай кездесулер жергілікті атқарушы органдар мен дарынды жастар арасындағы өзара байланысты нығайтып, оқушыларды жаңа белестерді бағындыруға ынталандырады, сондай-ақ олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.

Кездесу соңында жоғары нәтижелер көрсеткен оқушыларға аудан әкімінің атынан Алғыс хаттар мен сыйақы табысталды. Шара соңында қатысушыларға алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа жеңістер мен шығармашылық шабыт тілінді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий