Мүмкіндіктерге толы жаз: Павлодар ауданында мектеп жанындағы лагерьлер жұмысын бастады
1 маусымнан бастап Павлодар ауданында жазғы сауықтыру науқаны басталды. Бүгінде ауданның жалпы білім беретін мектептері жанынан ашылған 27 мектеп жанындағы лагерьде 1586 бастауыш сынып оқушысы демалуда.
Барлық лагерьлерде балаларға толыққанды тамақтану ұйымдастырылған. Оның ішінде 14 лагерьде күндізгі ұйқы қарастырылып, оқушылардың жайлы әрі қауіпсіз демалуына жағдай жасалған. Жазғы демалыс маусымы 2–3 ауысыммен өткізіліп, әр ауысым 15 күнге созылады.
Лагерь бағдарламасы спорттық жарыстарға, шығармашылық шеберлік сағаттарына, танымдық экскурсияларға, зияткерлік ойындар мен түрлі мәдени іс-шараларға толы. Сонымен қатар балалардың жан-жақты дамуына бағытталған «Жас шебер» этнолагері, «Smart Bala» цифрлық сауаттылық жобасы және «Музей қабырғасыз: саяхаттағы тірі тарих» білім беру жобасы жүзеге асырылады.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шаралар ұйымдастырылса, судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ауданның 10 мектебіне каркасты-модульдік бассейндер орнатылады.
Осылайша Павлодар ауданында балалардың жазғы демалысы тек сауықтырумен шектелмей, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, жаңа білім мен пайдалы дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік береді.
Загрузка...

