Аққулы ауданында жарқын жаз басталды

Бүгін Аққулы ауданында 2000 жуық баланы қамтитын мектеп жанындағы жазғы лагерьлер өз жұмысын бастады. Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар қолға алынуда.

Биыл аудан көлемінде төрт негізгі жоба жүзеге асырылуда: «Жазғы хакатон: Идеядан – іске», Travel-лагері, «Тірі тарих» және «Project Bureau: Болашақ агенттігі». Аталған жобалар балалардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға, жаңа бастамаларды жүзеге асыруға, тарихи-мәдени мұраны тануға және болашақ мамандықтар әлемімен танысуға бағытталған.

Лагерь бағдарламалары танымдық іс-шараларға, шығармашылық шеберлік сабақтарына, спорттық жарыстарға, экскурсияларға және туристік жорықтарға толы. Бұл балалардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне және жаңа достар табуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ауданда шатырлы, киіз үй және әскери-патриоттық лагерьлер жұмыс істейді. Онда оқушылар табиғат аясында демалып, әскери-патриоттық тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған түрлі іс-шараларға қатысады.

Жазғы сауықтыру науқанында балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлініп, олардың сапалы демалысы мен жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Жазғы лагерьлер оқушылар үшін қызықты оқиғаларға, жаңа әсерлерге және пайдалы тәжірибеге толы ұмытылмас демалыс сыйлайды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий