Шарбақты ауданында жазғы лагерьлер мен жобалар жұмысын бастады

Шарбақты ауданында «Жаз – 2026» бағдарламасы аясында 6 мен 16 жас аралығындағы 2600-ден астам бала жазғы демалыс, сауықтыру және жұмыспен қамту шараларымен қамтылады. Жазғы науқан балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, олардың шығармашылық, зияткерлік және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Биылғы жаздың ерекшелігі – заманауи технологиялар мен тәрбиелік жобалардың үйлесуі. Аудан мектептерінде жасанды интеллект пен цифрлық сауаттылыққа негізделген «AI-Каникулы», «Цифрлық жаз: AI-экспедиция» жобалары жүзеге асырылады. Балалар цифрлық жобалар әзірлеп, хакатондарға қатысады.

Экологиялық бағыттағы «Эко-Планета» және «Жасыл ел» жобалары аясында оқушылар көгалдандыру және табиғатты қорғау акцияларына қатысады. Сонымен қатар гидропоника негіздерін меңгеріп, экологиялық мәдениетін арттырады.

Жазғы маусымда «Лига каникул» спорт фестивалі ұйымдастырылып, волейбол, футбол, үстел теннисі және шахматтан жарыстар өтеді. Ал шығармашылық бағыттағы «Fantasy ART» және «Жаздың сәнді бояулары» жобалары балалардың өнерге деген қызығушылығын дамытады.

«Тарих ізімен» патриоттық квесті арқылы оқушылар туған өлкенің тарихымен танысып, экскурсиялар мен танымдық ойындарға қатысады. Сондай-ақ «Кітаппен өткен жаз» челленджі балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Жазғы науқанда еңбек пен еріктілікке де ерекше көңіл бөлінеді. Оқушылар абаттандыру жұмыстарына, экологиялық акцияларға және қоғамдық пайдалы бастамаларға қатысады.

Осылайша, Шарбақты ауданындағы Жаз–2026 бағдарламасы балалардың демалысын қызықты әрі мазмұнды ұйымдастырып қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына жаңа мүмкіндіктер ұсынбақ.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий