Қауіпсіздік, демалыс, даму: Успен ауданындағы жазғы маусымның басты бағыты

Успен ауданында балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Биыл аудан оқушыларының 100 пайызы жазғы сауықтыру және бос уақытты тиімді ұйымдастыру шараларымен қамтылады.

Жазғы маусымда аудан бойынша 18 мектеп жанындағы лагерь, киіз үй лагері, 7 шатырлы лагерь және IT-лагерьлер жұмыс істейді. Сонымен қатар бірқатар мектептерде демеушілердің қолдауымен 226 баланың демалысы ұйымдастырылады.

Оқушылар республикалық және өңірлік сауықтыру орталықтарында да тынығады. Атап айтқанда, «Балдаурен» орталығына 6 бала, «Жас Даурен» орталығына 75 бала жолданады. «Балаға жолдама сыйла» акциясы аясында 20 балаға тегін жолдама беру жоспарланған.

Жазғы кезеңде оқушылар үшін Баянауыл өңіріндегі қасиетті орындарға және Павлодар қаласының музейлеріне экскурсиялар ұйымдастырылады.

«Адал Азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында әскери-патриоттық, спорттық, шығармашылық, экологиялық, құқықтық және кәсіптік бағдар беру бағыттарындағы жобалар жүзеге асырылады. Сонымен қатар «Smart Bala», «IT-бала», «РобоКэмп», «ПрофХакатон» жобалары арқылы балалардың цифрлық дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Балалардың қауіпсіздігі де басты назарда. Осыған байланысты барлық білім беру ұйымдарында өрт қауіпсіздігі, жол қозғалысы ережелері мен судағы қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы оқу-жаттығулар өткізіледі.

Қазіргі таңда аудан бойынша 1725 оқушы жазғы демалыс, сауықтыру және жұмыспен қамту шараларымен қамтылған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий