Жазғы лагерь тәрбиеленушілеріне арналған библиобульвар ұйымдастырылды
«Ашық аспан аясында» жобасы және «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Кітаппен бірге демалыста көңілді!» атты библиобульвар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – балалардың жазғы демалысын кітап арқылы қызықты әрі пайдалы өткізуіне жағдай жасау, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шара барысында «Ертегілер аралы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, 1000 астам бүлдіршіндердің ерекше қызығушылығын тудырды. Қатысушылар сүйікті ертегілерімен танысып, өлеңдер оқып, санамақтар мен жаңылтпаштар айту бойынша сайысқа түсті. Сонымен қатар балалар танымдық және көңілді ойындарға қатысып, өз қиялдарынан туған суреттерін салып, шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетті.
Библиобульвар балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жазғы демалыстың мазмұнды әрі әсерлі өтуіне ықпал етті. Кітап пен ойын ұштасқан бұл күн қатысушылар үшін шат күлкі мен жарқын әсерге толы ерекше мерекеге айналды.
Загрузка...
