Жас экологтың жарқын жолы

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Эколог күніне орай Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында қоршаған ортаны қорғау ісіне белсенді атсалысып жүрген оқушылар, студенттер және сала мамандары министрліктің Алғыс хаттарымен және арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

Марапатталғандардың қатарында Шарбақты ауданының «Жаңа ауыл жалпы орта білім беру мектебінің» 8-сынып оқушысы Нарғыз Қуанова да бар. Ол табиғатты қорғау бағытындағы белсенді қызметі, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесі және қоршаған ортаға жанашыр көзқарасы үшін жоғары бағаланып, министрліктің марапатына ие болды.

Бұл жетістік – мектеп ұжымының экологиялық тәрбие беру бағытындағы жүйелі жұмысының және оқушының табиғатқа деген жауапкершілігі мен сүйіспеншілігінің жарқын нәтижесі. Нарғыз табиғатты аялау, экологиялық бастамаларды қолдау және қоршаған ортаны қорғау ісіне белсенді қатысу арқылы құрдастарына үлгі болып келеді.

Жас экологтың жетістігі Шарбақты ауданының ғана емес, бүкіл Павлодар облысының мақтанышы. Мұндай марапаттар өскелең ұрпақтың табиғатты қорғауға деген қызығушылығын арттырып, экологиялық мәдениетті дамытуға серпін береді.

«Жаңа ауыл жалпы орта білім беру мектебінің» ұжымы Нарғыз Қуанованы лайықты марапатымен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдіреді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий