Жас скрипкашының үлкен белесі
Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының оқушысы Әнел Данияр халықаралық деңгейде еліміздің абыройын асқақтатты. Жас скрипкашы Самара қаласында өткен Юрий Башмет атындағы XVI Халықаралық музыка академиясына қатысып, жоғары шеберлігін паш етті.
Қатаң іріктеуден сәтті өтіп, академияға Қазақстаннан жалғыз өкіл ретінде қатысқан Әнел Ресей мен Еуропаның жетекші музыканттары мен педагогтерінің шеберлік сабақтарынан тәлім алды. Академияның қорытынды гала-концертінде өнер көрсеткен жас талант өзінің кәсіби дайындығы мен орындаушылық шеберлігін дәлелдеп, көрермендердің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне ие болды.
Бұл жетістік – жас өнерпаздың табанды еңбегі мен шығармашылық ізденісінің, сондай-ақ ұстазы, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері Яна Оганесовна Касьянның кәсіби еңбегінің жемісі.
Әнел Данияр мен оның ұстазын осы айтулы жетістікпен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа шығармашылық белестер мен толағай табыстар тілейміз!
Загрузка...
