Павлодарлық педагог Республикалық байқауда жүлдегер атанды

1–5 маусым аралығында Семей қаласында құрылыс саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Аталған байқауда Павлодар облысының намысын Монтаж колледжінің өндірістік оқыту шебері Сузанская Людмила Андреевна қорғады. Ол «Сылақ және сәндік әрлеу жұмыстары» құзыреттілігі бойынша бақ сынады.

Байқау қорытындысы бойынша Людмила Андреевна жоғары кәсіби шеберлік деңгейін көрсетіп, жүлделі III орынды иеленді.

Людмила Андреевнаны жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий