Жас математиктердің халықаралық жетістігі
Ташкент қаласында (Өзбекстан) 2026 жылғы 30 мамыр мен 10 маусым аралығында Әл-Хорезми атындағы Халықаралық математика олимпиадасы өтті. Халықаралық олимпиадаға жақын шетелдің бес елінен: Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Тәжікстаннан 100-ден астам оқушы қатысты.
Әл-Хорезми атындағы олимпиада Орталық Азия жастарының зияткерлік әлеуетін дамытуға және нақты ғылымдарды дәріптеуге бағытталған. Халықаралық зияткерлік олимпиадаларға қатысу дарынды балаларды сапалы даярлаудың, ерекше ойлау мен есептерді шығаруға шығармашылық тұрғыдан келудің көрсеткіші. Осы қасиеттердің барлығына ие болған біздің оқушылар 100% нәтиже көрсетті!
«Жас Дарын» мектеп-лицейінің 2 оқушысы Қазақстан құрамасында Олимпиадада ел намысын қорғап, қоржынға 2 медаль салды: Жандельдинов Бексұлтан – алтын, Ғаллам Әлішер – қола.
Загрузка...
