Павлодар облысының оқушылары футболдан Қазақстанның екі дүркін чемпиондары атанды

4–11 маусым аралығында Астана қаласында 5–6 сынып оқушылары арасында футболдан «Ұлттық мектеп лигасының» республикалық кезеңі өтті. Беделді жарысқа Қазақстанның 15 өңірінен облыстық кезеңнің жеңімпаз командалары қатысты.

Павлодар облысының намысын жарыста Павлодар қаласындағы Ш. Шөкин атындағы гимназияның командасы қорғады. Турнир барысында жас футболшылар жоғары дайындық деңгейін, сенімді ойын өрнегін және нағыз командалық рухты көрсетті.

Тартысты бәсекеде павлодарлық оқушылар қарсыластарынан басым түсіп, алтын медальдарды жеңіп алды. Осылайша, Ш. Шөкин атындағы гимназия командасы қатарынан екінші жыл «Ұлттық мектеп лигасының» республикалық кезеңінің жеңімпазы атанып, еліміздегі үздік мектеп футбол командаларының бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Команданың бұл жетістігі жаттықтырушылардың жүйелі еңбегінің, мектеп ұжымы мен әкімшілігінің қолдауының, сондай-ақ спортшылардың табандылығы мен мақсаткерлігінің нәтижесі болды.

Республикалық деңгейдегі бұл жеңіс Павлодар облысындағы мектеп спортының маңызды жетістіктерінің біріне айналып, өңірде балалар футболын дамыту мен талантты жас спортшыларды қолдауға барлық жағдай жасалғанын айқын көрсетті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий