Ақтоғай лагерінің белсенді өрені велосипедпен марапатталды

Ақтоғай ауданындағы Жоламан ауылында орналасқан «Ақтоғай» балаларды сауықтыру лагерінің алғашқы маусымы өз мәресіне жетті. Биыл лагерьде 50 бала демалып, жазғы демалыстарын қызықты әрі пайдалы өткізді.

Жабылу салтанатында аудандық мәслихат депутаттарының атынан лагерьдің ең белсенді тәрбиеленушісіне арнайы сыйлық – велосипед табысталды. Бұл марапатқа Мүткенов орта мектебінің 8-сынып оқушысы Еркегазы Мұқағали лайық деп танылды.

Он күн бойы өткен түрлі мәдени, спорттық және шығармашылық іс-шараларда Мұқағали өзінің белсенділігімен, өнерімен және көшбасшылық қасиеттерімен ерекшеленді. Ол ән айтып, өлең оқып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, қатарластарына үлгі бола білді.

Жас дарын бұған дейін де аудандық және облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүрген талантты оқушылардың бірі. Велосипед түріндегі марапат оның еңбегі мен талпынысына берілген жоғары баға болды.

Осындай игі бастамалар балалардың белсенділігін арттырып, оларды жаңа жетістіктерге қанаттандыратыны сөзсіз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий