Жазғы достық көпірі: балалардың жарқын кездесуі

Май ауданында жазғы демалыс кезеңінде ұйымдастырылып жатқан лагерьлер арасындағы достық кездесулер өз жалғасын табуда. Осындай тағылымды әрі мазмұнды шаралардың бірі Жалтыр және Е. Мұқашев атындағы мектептердің жанындағы жазғы лагерь тәрбиеленушілерінің қатысуымен өтті.

Кездесу аясында Көктөбе ауылының оқушылары Кеңтүбек ауылындағы орта мектепке арнайы барып, құрдастарымен танысып, қызықты әрі әсерлі күн өткізді. Қонақтарды жылы қарсы алған лагерь ұжымы балалар үшін танымдық, шығармашылық және спорттық бағыттағы түрлі алаңдар ұйымдастырды.

Іс-шара барысында оқушылар бір-бірімен жақынырақ танысып, ортақ қызығушылықтары мен ой-пікірлерін бөлісті. Олар шығармашылық тапсырмалар орындап, интеллектуалдық ойындарға қатысып, спорттық сайыстарда өздерінің ептілігі мен ұйымшылдығын көрсетті. Әсіресе STEM алаңында өткізілген тәжірибелер мен танымдық тапсырмалар балалардың ғылым мен технологияға деген қызығушылығын арттырып, зерттеушілік қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

Мұндай кездесулер балалардың жазғы демалысын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, ауылдар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, өзара сыйластық пен ынтымақтастықты қалыптастырады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий