Ертіс ауданында «STOP НАРКОТИКАҒА!» спорттық акциясы өтті

Ертіс ауданында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «STOP НАРКОТИКАҒА!» атты аудандық спорттық акция ұйымдастырылды. Шара Ертіс ауылындағы стадионда өтіп, оған 200-ден астам оқушы, педагогтер және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Акцияның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқық бұзушылықтың және зиянды әдеттердің алдын алу, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Іс-шара барысында қатысушыларға есірткінің зияны мен заң талаптарын сақтау жөнінде ақпарат берілді. Сондай-ақ спорттық флешмоб, жаппай жүгіру және «Көңілді старттар» эстафетасы ұйымдастырылды.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға велосипедтер табысталып, үздік оқушылар, педагогтер және мектеп командалары марапатталды. Жүлделерді Павлодар облысы Полиция департаменті мен Ертіс аудандық полиция бөлімі демеушілік етті.

Ұйымдастырушылар мұндай шаралар жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға және құқықтық мәдениетті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий