Павлодарлық студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер

Павлодар сервис және тамақтану колледжінде заманауи талаптарға сай жабдықталған Құзыреттіліктер орталығының салтанатты ашылуы өтті. Жоба еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлауға, студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге және халықаралық стандарттарға сәйкес бәсекеге қабілетті кадрлар қалыптастыруға бағытталған.

Жаңа орталықта мейрамхана қызметі, аспаз ісі, кондитер ісі, қонақ үй бизнесі және туризм бағыттары бойынша тәжірибелік оқыту ұйымдастырылады. Сонымен қатар мұнда WorldSkills қозғалысына қатысушыларды даярлау, оқу-жаттығу жиындарын өткізу, мектеп оқушыларына арналған бейіндік сабақтар мен шеберлік сағаттарын ұйымдастыру жоспарланған.

Ашылу салтанатына білім саласының өкілдері, депутаттар, әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілер қатысты. Қонақтар үшін колледждің заманауи зертханаларына экскурсия ұйымдастырылып, WorldSkills чемпионаттарының жеңімпаздары мен сарапшылары түрлі шеберлік сабақтарын өткізді.

Колледж директоры Гүлмира Шугабаеваның айтуынша, құзыреттіліктер орталығы студенттердің кәсіби шеберлігін шыңдап қана қоймай, оларды еңбек нарығына дайын, бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жаңа орталықтың ашылуы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудағы маңызды қадам болып, өңірдегі қызмет көрсету және қонақжайлылық салалары үшін сапалы кадрлар даярлауға серпін бермек.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий