Жас өнертапқыштардың креативті жобалары бағаланды
2026 жылғы 12 маусымда «Жоғары түсті металлургия колледжі» ШЖҚ КМК базасында «Дәнекерлеу ісі», «Токарлық іс және металл өңдеу» және «Слесарлық іс» бағыттары бойынша облыстық колледждердің білім алушылары арасында «Металл мен жасанды интеллект диалогі» тақырыбында облыстық инсталляциялар конкурсы ұйымдастырылды және өткізілді.
Конкурсқа 9 колледж студенттері металл өңдеу мен жасанды интеллекттің өзара байланысын көрсететін инсталяциялар ұсынды.
Қатысушылар өз жұмыстарын көрсету кезінде қазылар алқасының мүшелеріне жұмыста қандай материалдар мен техникалық әдістер қолданылғанын айтты.
Конкурстық материалдарды бағалауды облыс кәсіпорындары өкілдерінің қатарынан тәуелсіз сарапшылар жүзеге асырды: «Сварка.kz» компаниясының өңірлік өкілі Михаил Александрович Кривой; «Қазақстан Алюминийі» АҚ орталық жөндеу учаскесінің шебері Прудников Аркадий Архипович; «Қазақстан Алюминийі» АҚ ТЭЦ технолог-шебері Камзин Мейрам Амангельдинович; «Қазақстан Алюминийі» АҚ бас дәнекерлеушісі Чернов Алексей Анатольевич; «ERG Service» ЖШС таланттарды дамыту бойынша сарапшысы Сапарова Дианна Оралбековна.
Конкурс қорытындысы бойынша келесі орындар анықталды:
1-орын – Березовский В.И., Вагнер Д.В., «Павлодар техникалық сервис колледжі» ШЖҚ КМК;
2-орын – Зарипов Д.Д., Андрейкин Р.Р., Похилько А.А., «Жоғары түсті металлургия колледжі» ШЖҚ КМК;
3-орын – Строев И.А., «Павлодар машина жасау колледжі» ШЖҚ КМК;
3-орын – Нургалиев Е.Т., Назипов А.С., Шайдилла Н.Д., «Баянауыл көпсалалы колледж» ШЖҚ КМК.
Конкурсқа қатысушыларға қатысу сертификаттары, жүлдегерлерге өңірлік білім беру басқармасының дипломдары табыс етілді. Айта кету керек, бұл конкурс облыста бірнеше жыл бойы өткізіліп келеді.
Конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз және қатысқандары үшін барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Загрузка...
