Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат

Ақтоғай ауданының Нығыманов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға «Ғибрат» шаруа қожалығының басшысы, «Әже даналығы» клубының мүшесі Айкүміс әже арнайы қатысып, оқушыларға қазақтың ұлттық сусыны – қымызды дайындаудың қыр-сырын үйретті.

Шеберлік сабағы барысында Айкүміс әже қымыз дайындаудағы дәстүрлі әдістерге тоқталып, саба мен шелекті майлау, ыстау сияқты маңызды жұмыстардың ерекшеліктерін жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ қымыздың адам денсаулығына пайдасы мен оның ұлттық тағам ретіндегі маңызы туралы әңгімеледі.

Кездесу барысында оқушыларға ұлттық кәсіпті дамыту және оны табыс көзіне айналдыру жолдары да таныстырылды. “Startup” жобасы аясында қымыз өндірісін жолға қоюдың тиімді тәсілдері мен кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері жөнінде құнды мәліметтер берілді.

Танымдық әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара оқушылардың ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулуға және кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий