Тереңкөлдегі тағылымды жазғы демалыс

Жазғы демалыс – балалар үшін жаңа достар тауып, қызықты оқиғаларға толы ұмытылмас кезең. Осындай жарқын сәттер Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы Оқушылар үйі жанындағы экологиялық лагерьде өтуде.

15 күнге созылған экологиялық ауысымға 60 оқушы қатысып, табиғатты қорғау, туған өлкенің байлығы мен ұлттық құндылықтарын тану бағытында түрлі шараларға белсенді араласуда. Балалар экологиялық викториналарға, квесттерге қатысып, шығармашылық жобалар әзірлеп, туған өлкенің өсімдіктері мен жануарлар әлемін зерттеуде.

Лагерь бағдарламасында табиғат аясындағы серуендер мен экскурсиялар ерекше орын алады. Сонымен қатар, оқушылар табиғи материалдардан қолөнер бұйымдарын жасап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдауда.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу де назардан тыс қалмаған. Балалар мемлекеттік рәміздермен танысып, ұлттық ойындар ойнап, ән айтып, би билеп, туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыруда.

6 маусым күні лагерь өміріндегі ерекше күндердің бірі болды. Қонаққа келген түсірілім тобы балалардың тыныс-тіршілігімен танысып, олардың өнері мен жетістіктеріне куә болды. Оқушылар дайындаған концерттік бағдарлама көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ал спорттық эстафеталар мен бассейндегі демалыс балаларға шаттық пен сергектік сыйлады.

Экологиялық лагерь тәрбиеленушілеріне табиғатты аялаудың маңызын түсіндіріп қана қоймай, достықты, шығармашылықты және салауатты өмір салтын насихаттайтын ерекше ортаға айналды. Мұнда әр күн жаңа әсерге, жарқын эмоцияларға және бақытты балалық шақтың естеліктеріне толы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий