Екібастұзда заң туралы спорт пен квесттер арқылы айтты
Екібастұздағы №10 мектеп базасында «Адал Азамат» бағдарламасы, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Айқын нәтиже» республикалық жобасы аясында «Заңмен бірге жаз» атты ауқымды профилактикалық іс-шара өтті.
Шараның ерекшелігі – құқықтық тәрбиені дәстүрлі дәріс форматында емес, спорт, шығармашылық және командалық ойындар арқылы ұйымдастыруында. Оқушылар, ата-аналар, педагогтер, полиция және прокуратура қызметкерлері жеті интерактивті алаңда бас қосты.
Қатысушылар құқықтық квесттерден өтіп, отбасылық эстафеталарға қатысты, спорттық сайыстарда бақ сынады. Ең көп қызығушылық тудырған алаңдардың бірі мектептер мен балабақшалар басшылары қатысқан «Көшбасшылар жарысы» болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның басты мақсаты – балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Загрузка...

