WorldSkills Taipei Capital Cup 2026 чемпионатында күміс медаль иеленді

2026 жылғы 26-28 мамыр аралығында Тайбэй қаласында өткен WorldSkills Taipei Capital Cup 2026 халықаралық чемпионатында Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледждің студенті Райгүл Кеңес пен өндірістік оқыту шебері, сарапшы-компатриот Балдырган Майлыбайқызы Құсайынова оқу орнының және Қазақстанның намысын абыроймен қорғады.

«Сәндік және әрлеу жұмыстары» құзыреттілігі бойынша өткен байқау қорытындысында Райгүл Кеңес жоғары кәсіби шеберлік танытып, күміс медаль жеңіп алып, чемпионаттың ІІ орын иегері атанды.

Халықаралық чемпионатқа қатысу колледж өкілдері үшін кәсіби дамудың маңызды кезеңіне айналды. Қатысушылар әлемдік озық тәжірибелермен танысып, заманауи технологияларды, халықаралық бағалау стандарттарын, жұмыс процесін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін және WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды даярлаудың үздік әдістерін зерделеді.

Сонымен қатар сәндік-әрлеу жұмыстарын орындау, фреска жасау, заманауи материалдар мен инновациялық технологияларды пайдалану бағытындағы тәжірибелік дағдылар жетілдірілді. Әлемнің түрлі елдерінен келген сарапшылармен кәсіби тәжірибе алмасу мүмкіндігі де жүзеге асырылды.

WorldSkills Taipei Capital Cup 2026 чемпионатындағы табысты нәтиже Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледж студенттері мен педагогтерінің жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп, Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің халықаралық беделін арттыруға өз үлесін қосты.

Орынгүл МАХМУД

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий