Тарих тағылымына тағзым: оқушылар Уахит Хазірет кесенесіне саяхат жасады

Шарбақты ауданы Галкино жалпы орта білім беру мектебінің жанындағы жазғы сауықтыру лагері тәрбиеленушілері үшін Уахит Хазірет кесенесіне танымдық саяхат ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды өткізуге жағдай жасау, туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасын таныту, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

Танымдық сапар барысында оқушылар өңірдегі маңызды тарихи-рухани орындардың бірі саналатын Уахит Хазірет кесенесіне барып, оның тарихы мен тағылымдық мәні туралы құнды мәліметтер алды. Балалар кесене аумағын аралап, қасиетті орынның ерекшеліктерімен танысты, сәулеттік құрылымын тамашалап, оның халық жадындағы орны туралы мағлұмат тыңдады.

Балалар табиғат аясында серуендеп, танымдық әңгімелерге белсенді қатысты. Олар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, тарихи орын туралы білімдерін толықтырды. Әсіресе, кесененің тарихы мен өңірдің рухани өміріндегі орны оқушыларға ерекше әсер қалдырды.

Танымдық экскурсия қорытындысында қатысушылар туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасын тереңірек танып-білуге мүмкіндік алғандарын атап өтті. Осындай іс-шаралар балалардың дүниетанымын кеңейтіп, патриоттық сезімін нығайтып, тарихи-мәдени ескерткіштерге деген құрметін арттыруға ықпал етеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий