«Балалар ауылы – 2026»: жазғы демалыстың жарқын бастамасы

Павлодар ауданы Бірлік ауылында Бірлік мектебінің маңында ұйымдастырылған «Балалар ауылы – 2026» этнолагерінің салтанатты ашылуы өтті. 16-19 маусым аралығында өтетін лагерьге Павлодар ауданы мектептерінен 204 оқушы қатысады.

Салтанатты шараға аудандық мәслихат төрағасы Жанат Шугаев, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Баян Тоқсанбаева және аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жеміс Дүйсекенова қатысып, балаларға ізгі тілектерін білдірді.

Алғашқы күнгі лагерь жұмысына Олгинка, Ямышев, Кеңес, Заря және Бірлік мектептерінің оқушылары қатысты. «Өнер» мектебінің өнерпаздары мерекелік бағдарлама ұсынып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Лагерь барысында оқушыларды танымдық іс-шаралар, спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар мен қызықты демалыс күтіп тұр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий