Бурабайға саяхат: балалардың жазғы демалысы мазмұнға толы өтті
Баянауыл ауданының мектеп жанындағы жазғы лагерьлерінде демалып жатқан оқушылар үшін қызықты да мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу, туған жердің табиғаты мен тарихи-мәдени мұрасын таныту мақсатында түрлі танымдық саяхаттар өткізілуде.
Осындай жарқын сапарлардың бірі – Сұлужон ЖОББМ жанындағы «Балбөбек» жазғы алаңының 12 оқушысы мен тәрбиешілерінің Ақмола облысындағы табиғаты көркем Бурабай өңіріне жасаған екі күндік танымдық саяхаты болды.
Сапар барысында оқушылар Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен танысып, марал шаруашылығын тамашалады. «Бөлектау» шыңына көтеріліп, Бурабай көлінің көркем келбетіне сүйсінді. Жұмбақтас пен Оқжетпес сынды табиғат ғажайыптарын тамашалап, Иман бұлағына, Абылай хан алаңына барып, Абылай хан тағының тарихи маңызымен танысты. Сонымен қатар, көл жағасында демалып, жазғы демалыстың қызығын көрді.
Бүгінде Баянауыл ауданының мектеп жанындағы лагерьлерінде демалып жатқан оқушылар үшін осындай танымдық және экскурсиялық сапарлар ұйымдастырылып, балалардың басқа өңірлердің тыныс-тіршілігімен танысуына, тарихи-мәдени орындарды көруіне және жазғы демалысты мазмұнды өткізуіне мол мүмкіндік жасалуда.
Загрузка...
