ЭКО сән әлеміне саяхат

17 маусымда Павлодар қаласындағы №36 экологиялық бағыттағы бейіндік жалпы орта білім беру мектебінің базасында мектеп жанындағы жазғы лагерь аясында «ЭКО стиліндегі өмір» атты ерекше тәрбиелік іс-шара – ECO сән көрсетілімі өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын нығайту. Бұл күні лагерь тәрбиеленушілері қиял мен шеберлікті ұштастыра отырып, қайта өңделген материалдардан әзірленген ерекше киім үлгілері мен сәндік аксессуарларын көпшілік назарына ұсынды.

Жас дизайнерлер қағаз, пластик, мата қалдықтары және тұрмыстық заттарды қайта пайдалану арқылы дайындалған сән үлгілерін таныстырып, қалдықтарға екінші өмір сыйлаудың жарқын үлгісін көрсетті. Әрбір образ қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және саналы тұтыну идеяларын насихаттауға бағытталды.

Сән көрсетілімі барысында оқушылар өздерінің экологиялық тақырыптағы шығармашылық қойылымдарын ұсынып, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы ойларын ортаға салды. Сонымен қатар тақырыптық презентациялар көрсетіліп, қоршаған орта мәселелеріне бейжай қарамаудың маңызы кеңінен насихатталды.

Шара балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға, топпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіруге және экологиялық бастамаларға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді. Қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, табиғатты қорғауға бағытталған маңызды құндылықтарды бойларына сіңірді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий