Лагерь тәрбиеленушілері авиация әлеміне саяхат жасады
Шарбақты ауданының Арбиген мектебі жанындағы «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері танымдық экскурсия аясында Шалдай ауылындағы «Қазавиаорманқорғау» мекемесінде болып қайтты.
Экскурсия барысында оқушылар орман және дала өрттерінің алдын алу мен оларды сөндіру жұмыстарына пайдаланылатын авиациялық техникамен танысты. Балалар өртті бақылау және сөндіру қызметінде қолданылатын тікұшақты жақыннан көріп, оның техникалық мүмкіндіктері мен жабдықтары туралы құнды мәліметтер алды.
Кездесу барысында «Қазавиаорманқорғау» бөлімшесінің бастығы Шайзатхан Шыңғысхан Шайзатханұлы мекеменің негізгі қызметі туралы жан-жақты ақпарат беріп, орман мен дала өрттерін әуеден бақылаудың және дер кезінде әрекет етудің маңыздылығына тоқталды.
Мамандар арнайы техниканың жұмыс ерекшеліктерін көрсетіп, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Әсіресе, оқушыларға тікұшақтың ішіне кіріп көруге мүмкіндік берілуі үлкен әсер қалдырды. Балалар авиациялық техниканың құрылымымен танысып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.
Танымдық экскурсия жас ұрпақтың авиация саласына деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, табиғатты қорғау мен өрт қауіпсіздігінің маңызын тереңірек түсінуге ықпал етті.
Загрузка...
