Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары аясында Өзбекстан Республикасының Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрі Эъзоза Каримовамен кездесу өткізді

Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Мемлекет басшылары жүргізіп отырған саясаттың нәтижесінде екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың, оның ішінде мектепке дейінгі және мектеп білім беру бағытындағы ынтымақтастықтың жүйелі түрде дамып келе жатқаны атап өтілді.

Кездесу барысында педагогтердің біліктілігін арттыру, білім беру үдерісіне жасанды интеллект технологияларын енгізу тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ екі елдің білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби байланыстарды кеңейту мәселелері қаралды.

Сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстан оқушыларының халықаралық олимпиадаларға, білім беру форумдарына және ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысуы атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар білім беру саласындағы әріптестікті одан әрі дамытуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий