Екібастұзда жазғы демалыспен 22 мыңнан астам оқушы қамтылды

Екібастұз қаласында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, сауықтыру және жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Биылғы жазғы науқан аясында үш маусым бойынша барлығы 22 058 оқушы түрлі демалыс және сауықтыру бағдарламаларымен қамтылды.

Жазғы демалыстың алғашқы маусымында мектеп жанындағы лагерьлерде 5 950 оқушы, бейіндік лагерьлерде 5 943 оқушы, қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде 390 бала демалды. Сонымен қатар 200 жасөспірім еңбек және жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысты.

Екінші маусымда мектеп жанындағы лагерьлерде 3 758 оқушы, бейіндік лагерьлерде 3 297 оқушы, қала сыртындағы лагерьлерде 952 бала жазғы демалысын өткізді. Сондай-ақ 200 оқушы еңбек жасағының құрамында еңбек тәжірибесін жинақтады.

Үшінші маусымда негізгі назар бейіндік және қала сыртындағы лагерьлер жұмысына аударылды. Бұл кезеңде бейіндік лагерьлерге 82 оқушы, қала сыртындағы сауықтыру орындарына 1 086 бала қатысты. Еңбек және жұмыспен қамту бағдарламаларына тағы 200 жасөспірім тартылды.

Жазғы науқан барысында балалардың қауіпсіздігіне, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Оқушылар спорттық жарыстарға, танымдық экскурсияларға, зияткерлік сайыстарға, шығармашылық және экологиялық жобаларға қатысып, жаңа достар тауып, пайдалы дағдылар қалыптастырды.

Екібастұз қаласында жүзеге асырылған жазғы сауықтыру бағдарламалары балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына, әлеуметтік белсенділігі мен шығармашылық әлеуетін арттыруға зор мүмкіндік берді. Жазғы демалысты ұйымдастырудағы бұл жұмыстар өскелең ұрпақтың қауіпсіз әрі қызықты демалысын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды бастама болып табылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий