Тарих пен тынығуды тоғыстырған тағылымды жаз

Жазғы демалыс – балалар үшін тек тынығу мезгілі ғана емес, жаңа білім мен әсерге толы ерекше кезең. Биыл Май ауданы Көктөбе ауылының сыртында орналасқан «Ақжелкен» сауықтыру лагерінде демалып жатқан оқушылар үшін әр күн қызықты оқиғаларға, танымдық саяхаттарға және ұмытылмас сәттерге толы өтуде.

Лагерь бағдарламасы балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, олардың туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Осы мақсатта демалушылар аудан орталығындағы мәдени нысандарды аралап, тарихи орындарға танымдық экскурсиялар жасауда.

Сондай ерекше сапарлардың бірі – Ақшиман ауылы маңындағы тарихи Қалмаққырылған тауына саяхат болды. Ел тарихымен сабақтас бұл киелі мекен жас ұрпаққа өткеннің өнегесін танытып, туған жердің шежіресіне деген қызығушылығын оятты. Табиғаты көркем, тарихы терең бұл орын балалардың бойында патриоттық сезім мен туған өлкеге деген сүйіспеншілікті нығайта түсті.

Лагерьдегі жарқын күндердің тағы бір бөлігі аудан тұрғындары үшін көптен күткен заманауи бассейнде жалғасты. Балалар суға шомылып, көңілді ойындарға қатысып, жаздың шуақты күндерін ерекше әсермен өткізді. Көтеріңкі көңіл күй сыйлаған бұл демалыс олардың жазғы естеліктерінің ең қызықты сәттерінің біріне айналды.

«Ақжелкен» лагеріндегі әрбір күн балалар үшін жаңа достықтың, жаңа білімнің және жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Тарихпен танысып, табиғат аясында тынығып, пайдалы демалыс өткізген оқушылар жазғы каникулдың әр сәтін жарқын естеліктерге айналдыруда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий