Пайдалы жаз: Павлодарлық 17 мыңнан астам оқушы мектеп жанындағы лагерьлерде демалды

2 маусым күні Павлодар қаласының мектептерінде мектеп жанындағы лагерьлердің екінші маусымы басталды. Алғашқы маусым барысында 41 лагерьде 17 мыңнан астам оқушы демалып, жазғы уақыттарын тиімді өткізді.

Жазғы науқан балалардың қызықты әрі қауіпсіз демалысын ұйымдастырумен қатар, олардың шығармашылық, зияткерлік және коммуникативтік қабілеттерін дамытуға бағытталды. Оқушылар білім беру, спорттық және шығармашылық іс-шараларға қатысып, топпен жұмыс істеуді үйреніп, өздерінің жаңа мүмкіндіктерін ашты.

Бағдарламада қосымша білім беру ұйымдарының ауқымды жобалары ерекше орын алды. «Жігер» балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығында SUPER CAMP LEAGU бағдарламасы табысты жүзеге асырылса, жыл бойы жұмыс істейтін «Балдаурен» сауықтыру лагері алғашқы демалушыларын қабылдады. Сондай-ақ, «Павлодар дарыны» орталығының «Көңілді жаз керуені – 2026» жобасы қала мектептерінің оқушыларын қамтып, үлкен қызығушылық тудырды. Ал «Оқитын жаз» жобасы кітап оқуды шығармашылық тапсырмалармен және қызықты белсенділіктермен ұштастырып, жас оқырмандар үшін ерекше бастамаға айналды.

Тәрбиелік жұмыстарға да айрықша көңіл бөлінді. «Адал азамат» бағдарламасы аясында балалар азаматтық жауапкершілік, адалдық және еңбекқорлық құндылықтарын насихаттайтын іс-шараларға қатысты.

Маңызды бағыттардың бірі – экологиялық тәрбие болды. Мектеп жанындағы лагерь тәрбиеленушілері республикалық «Таза Қазақстан» акциясын белсенді қолдап, аумақтарды абаттандыру және түрлі экологиялық бастамаларға атсалысты.

Жазғы маусым оқушыларға жаңа білім, жарқын әсерлер, қызықты таныстықтар мен пайдалы тәжірибе сыйлап, 2026 жылғы жазғы демалыстың жарқын басталуына айналды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий