Тереңкөл ауданында жазғы лагерьлердің алғашқы маусымы қорытындыланды

Тереңкөл ауданының білім беру ұйымдарында жазғы лагерьлердің алғашқы маусымы сәтті аяқталды. Демалыс кезеңінде мектеп жанындағы және бейіндік лагерьлерде, сондай-ақ Оқушылар үйі жанындағы қала сыртындағы лагерьде 1170 бала демалып, сауықтыру шараларымен қамтылды.

Жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында балалардың денсаулығын нығайтуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және бос уақытын мазмұнды өткізуге бағытталған түрлі мәдени-көпшілік, спорттық, танымдық және шығармашылық іс-шаралар өткізілді.

Лагерь тәрбиеленушілері түрлі байқауларға, викториналарға, спорттық жарыстарға, экскурсияларға және тақырыптық күндерге белсенді қатысты. Мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысы алдын ала бекітілген жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, балалардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтары ескерілді.

Әр күн жаңа әсерлерге, қызықты кездесулерге және пайдалы істерге толы болды. Балалар шығармашылықтарын шыңдап, жаңа білім алып, достар тауып, жазғы демалысын көтеріңкі көңіл күймен өткізді.

Лагерь ауысымының жабылуы жылы әрі достық атмосферада өтті. Балалар жазғы демалыс кезеңінен жарқын естеліктермен, жақсы көңіл күймен және ұмытылмас әсерлермен оралды. Тереңкөл ауданында балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын ұйымдастыру жұмыстары жалғасуда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий