Оқушылардың жазғы демалысы: қауіпсіздік, даму және жарқын әсерлер

Баянауыл ауданында мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында қолға алынған жұмыстардың алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті. Жазғы демалыс алаңдарында балалардың қауіпсіздігі, денсаулығын нығайту және мазмұнды уақыт өткізуі басты назарда болды.

Алғашқы ауысым барысында аудан бойынша мыңға жуық оқушы жазғы демалыс алаңдарымен қамтылды. Балалар үшін түрлі танымдық, шығармашылық және спорттық бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылып, олардың жан-жақты дамуына мүмкіндік жасалды.

Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және тарихи-мәдени құндылықтармен таныстыру мақсатында туған өлкенің көрікті жерлеріне саяхаттар ұйымдастырылды. Балалар Сабындыкөл, Жасыбай және Торайғыр көлдеріне 20-ға жуық экскурсия жасап, Баянауыл табиғатының әсемдігін тамашалап, туған өлкенің бай мұрасымен танысты.

Жазғы алаңдардың әр күні балалардың жас ерекшеліктеріне сай дайындалған мазмұнды бағдарламалармен өтті. Ауысым барысында спорттық жарыстар мен қозғалыс ойындары арқылы балалардың белсенділігі артты. Сонымен қатар, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған мәдени іс-шаралар, шеберлік сабақтары, сондай-ақ ой-өрісті кеңейтетін интеллектуалды ойындар мен түрлі сайыстар өткізілді.

Жазғы демалыстың алғашқы ауысымы балаларға жаңа достар, жарқын әсерлер мен ұмытылмас естеліктер сыйлап, көтеріңкі көңіл күймен аяқталды. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық – ұйымдастырылған жұмыстардың басты нәтижесі.

Баянауыл ауданындағы жазғы демалыс жұмыстары алдағы ауысымдарда да жалғасып, оқушылар үшін қызықты әрі пайдалы іс-шараларға толы болмақ.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий