«Жаз – 2026»: балалардың пайдалы демалысы мен дамуына бағытталған маусым

Железин ауданында 2026 жылғы «Жаз – 2026» жобасы аясында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Алғашқы маусым қорытындысы бойынша аудан оқушыларының 95,6 пайызы түрлі демалыс, сауықтыру және жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.

Аудандағы 1943 оқушының 1858-і жазғы іс-шараларға қатысып, пайдалы әрі мазмұнды демалыс өткізді. Балалардың қауіпсіздігі, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамуы басты назарда болды.

Жазғы кезеңде аудан аумағында 27 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істеді. Оның ішінде 371 бала демалып, әлеуметтік осал санаттағы оқушыларға ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар бейіндік лагерьлер, IT-алаңдар, киіз үй және шатырлы лагерьлер ұйымдастырылып, балалардың қызығушылығына сай түрлі бағыттар қамтылды.

Оқушылар спорттық жарыстарға, шығармашылық байқауларға, интеллектуалды ойындарға, экологиялық және патриоттық іс-шараларға, экскурсиялар мен шеберлік сабақтарына белсене қатысты. Үш білім беру ұйымында жұмыс істеген IT-лагерьлер арқылы балалар заманауи технологиялармен танысты.

Жасөспірімдердің еңбек тәрбиесіне де назар аударылды. 91 оқушы еңбек бағыттарына тартылып, оның 40-ы «Жасыл ел» республикалық жобасына қатысты.

Балалардың қауіпсіздігі басты назарда болып, білім беру ұйымдарында қауіпсіздік ережелері бойынша тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Железин ауданындағы алғашқы жазғы маусым балаларға жаңа білім, жарқын әсерлер мен пайдалы тәжірибе сыйлады. Жазғы демалысты ұйымдастыру жұмыстары алдағы маусымдарда да жалғасын табады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий