Жұлдыз Сүлейменова Әбіш Кекілбаев білім алған тарихи мектепке барды

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келіп, Түпқараған ауданындағы Таушық ауылында орналасқан Шахта жалпы білім беретін мектебіне барды.

Министр облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбаймен бірге мектептің материалдық-техникалық базасын, тарихи музейін аралап, білім беру ұйымдастырылуымен танысты.

Шахта жалпы білім беретін мектебі – Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев мектеп табалдырығын аттап, орта мектептегі жоғары сыныптарын оқып, тәмамдаған тарихи білім ордасы. Бүгінде мұнда жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған музей жұмыс істейді.

Іс-сапар барысында министр мен облыс әкімі ауыл тұрғындарымен және педагогикалық қауымдастық өкілдерімен кездесіп, өңірдегі білім беру жүйесін дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында Жұлдыз Сүлейменова білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарына тоқталып, Маңғыстау облысында соңғы жылдары қол жеткізілген нәтижелерді атап өтті.

Тарихи білім ордасына жасалған сапар барысында мектептің бүгінгі тыныс-тіршілігімен, білім беру үдерісімен және қалыптасқан тәжірибесімен танысуға ерекше назар аударылды. Мектеп ұжымымен өткен кездесу өңірдегі білім беру жүйесін одан әрі дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий