Таза Қазақстан — бала жүрегінен басталады
Аққулы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында балаларға арналған «Күн маған күлімдейді» атты шығармашылық іс-шара өтті. Оның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімін ерте жастан қалыптастыру.
Таза ауа аясында өткен шара барысында бүлдіршіндер жаздың әсем табиғатын тамашалап, күннің шуағына, жайқалған ағаштар мен гүлдердің көркіне сүйсінді. Олар қоршаған ортаның сұлулығын байқап, табиғатты аялаудың маңызын түсінді.
Балалар алған әсерлерін сурет арқылы бейнеледі. Қылқаламнан туған жарқын күн, көгілдір аспан, жасыл алқаптар мен жайқалған гүлдер олардың табиғатқа деген шынайы сүйіспеншілігін көрсетті.

Осындай тағылымды шаралар арқылы балалардың экологиялық мәдениеті қалыптасып, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруге, туған жердің табиғатын қадірлеуге және оны қорғауға деген жауапкершілігі арта түседі.
Өйткені «Таза Қазақстан» – табиғатты аялаудан басталады, ал табиғатқа деген жанашырлықтың алғашқы сабағы бала жүрегінде қаланады.
Загрузка...