Музыка – ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан мұра
Екібастұз қаласындағы Естай атындағы балалар музыка мектебінің ұстаздары Қайырғазы Даулбаев пен Сайран Тезекбаева үшін музыка – жай ғана мамандық емес, тұтас өмірдің мәні. Қырық жылға жуық уақыт ішінде олар жүздеген шәкірт тәрбиелеп, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті бірнеше буынға аманат етіп келеді.
Сайран Тілеубайқызы домбыраны халқымыздың үні деп біледі. Сондықтан шәкірттеріне тек күй орындауды ғана емес, ұлттық тарихты, салт-дәстүрді, мәдени мұраны құрметтеуді де үйретеді. Ол жетекшілік ететін «Арайна» халық аспаптар ансамблі талай байқауда топ жарып жүр.
Қайырғазы Қайырбекұлының да флейта сыныбы бойынша тәрбиелеген шәкірттері бүгінде еліміздің әр өңірінде өнер жолын жалғастырып, ұстаздық етіп, оркестр сахналарында өнер көрсетуде.
Өнерге деген махаббат олардың өз отбасында да жалғасын тапты. Балалары музыка әлемін саналы түрде таңдап, бүгінде кәсіби өнер жолында табысты еңбек етуде.
Бұл отбасының өнегелі жолы – ұлттық өнерді ұлықтап, оны келер ұрпаққа жеткізудің жарқын үлгісі. Себебі ұлттық мәдениеттің болашағы – әр баланың жүрегіне өнердің шуағын себетін ұстаздардың қолында.
Загрузка...
