Павлодар облысының оқушылары «Ұлттық мектеп лигасының» жеңімпазы
2026 жылғы 24–27 маусым аралығында Тараз қаласында жеңіл атлетикадан 5–6 сынып оқушылары (ұлдар) арасында «Ұлттық мектеп лигасының» республикалық кезеңі өтті. Жарысқа Қазақстан Республикасының әр өңірінен келген үздік мектеп командалары қатысты.
Павлодар облысының намысын Павлодар қаласының №41 ДШСБ ЖОБББ мектебінің командасы қорғады. Жарыс күндері жас спортшылар жоғары дене дайындығын, спорттық шеберлігін, тәртіптілігі мен жеңіске деген жігерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар облысының командасы жоғары нәтиже көрсетіп, ІІІ орынды иеленді.
Спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын «Ұлттық мектеп лигасының» республикалық кезеңіндегі табысты өнер көрсетуімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыстарға, жаңа жеңістер мен жоғары жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз.
Загрузка...
