Бақытты балалық шақ қолдаудан басталады
Жазғы демалыс – балалық шақтың ең жарқын сәттері, шаттыққа толы күндер мен жаңа әсерлер кезеңі. Алайда осы уақытта да кейбір балалар мен ата-аналарға түсіністік, қамқорлық және психологиялық қолдау қажет болуы мүмкін.
Егер бала буллингке тап болса, мазасыздық пен қорқынышты сезінсе, көңілін алаңдатқан мәселе болса немесе отбасында түсініспеушіліктер орын алса – көмек сұраудан тартынбаңыз. Кез келген қиындықтың шешімі бар, ең бастысы – онымен жалғыз қалмау.
Павлодар облыстық психологиялық қолдау орталығында балалар, жасөспірімдер және ата-аналар білікті психологтардың тегін көмегіне жүгіне алады.
2808 сенім телефоны тәулік бойы жұмыс істейді. Қажет кезде әрбір жанға қолдау көрсетіледі.
2026 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша:
* сенім телефонына 48 өтініш келіп түсті;
* 58 жеке психологиялық кеңес өткізілді.
Кейде бір ғана әңгіме адамға демеу болып, қиындықтан шығудың жолын табуға көмектеседі.
Баланың психологиялық саулығына бүгін көңіл бөлу – оның жарқын болашағына жасалған маңызды қадам.
Кеңес алуға жазылу телефоны: 2808.
Загрузка...
