Павлодар облысының өкілдері балалардың құқықтарын қорғау бойынша республикалық семинарға қатысты
Балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.
Бүгін Павлодар облысының өкілдері Астана қаласында өтіп жатқан балалардың құқықтарын қорғау басқармалары мен бөлімдері басшыларына арналған республикалық оқу семинарына қатысуда.
Павлодар облысынан семинарға Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Зауреш Жақсылыққызы Қалиева және Павлодар облысы білім беру басқармасының Балалардың құқықтарын қорғау және инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы Жібек Оразбайқызы Айтмұхамбетова қатысуда.
Семинардың басты тақырыбы – 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру. Үш күн бойы қатысушылар балалардың құқықтарын қорғаудың заманауи тәсілдерін, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту және өңірлерде тиімді тәжірибелерді енгізу мәселелерін талқылайды.
Мұндай алаңдар тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді бірлесіп талқылауға және әрбір баланың қауіпсіз әрі бақытты балалық шағын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Загрузка...
