«Май Жібек жолы»: танымға толы сапар

Павлодар облысында дәстүрлі «Май Жібек жолы» танымдық-туристік жобасы аясында Май ауданының 70-ке жуық оқушысы екі күндік қызықты саяхатқа қатысты.

Экскурсия барысында оқушылар Екібастұз қаласындағы «Samgau» шығармашылық орталығында болып, шығармашылық пен заманауи мүмкіндіктермен танысты. Сондай-ақ, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесі мен мұражайына барып, ұлы тұлғаның өмірі мен мұрасынан сыр шертетін тың мәліметтерге қанықты.

Сапар Баянауыл ауданында жалғасып, қатысушылар табиғаты көркем өңірдің әсем жерлерін аралап, Сабындыкөл жағасында демалды. Танымдық экскурсия туған өлкенің тарихын, мәдениеті мен табиғи байлығын тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді.

Екі күнге созылған саяхат оқушыларға жарқын әсер, жаңа достық пен ұмытылмас естеліктер сыйлады. Осындай жобалар жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелейді

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий