«Қайнар» ББК-ның «ЗЮВС» туристік клубы Қазақстан чемпионатында үш жүлде жеңіп алды

Екібастұз қаласындағы «Қайнар» білім беру-бос уақыт кешенінің «ЗЮВС» туристік клубының жас туристері туристік көпсайыс бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, үш қола жүлдеге ие болды.

30 маусым мен 5 шілде аралығында өткен республикалық жарысқа 10–17 жас аралығындағы 13 спортшы қатысты. Алты күн бойы олар күш-жігерін, төзімділігін және командалық бірлігін танытып, туған өңірдің намысын абыроймен қорғады.

Чемпионат қорытындысы бойынша экибастұздық команда «Байламдар», «Қысқа қашықтық» және «Фигуралық веложүргізу» кезеңдерінде ІІІ орын иеленді.

Бұл жетістік жас туристердің жоғары дайындығы мен «Қайнар» кешенінде туристік спорттың жүйелі дамып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий