Жасанды интеллект пен ғарыш – Екібастұздағы екінші маусымның басты ерекшелігі

Павлодар обылсы, Екібастұз өңірінде жазғы демалыстың екінші маусымы басталды. Биылғы маусымның басты ерекшеліктерінің бірі – қосымша білім беру ұйымдарының планетарийлерінде өтіп жатқан «Жасанды интеллект пен ғарыш: болашаққа саяхат» атты тақырыптық күндер.

Жоба аясында оқушылар ғарыш әлемі туралы тың мәліметтермен танысып, жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктерін зерттеп, интерактивті бағдарламаларға қатысып, ғылым мен цифрлық технологиялардың болашағына бірге көз жүгіртуде.

Бұл жоба Екібастұз өңіріндегі мазмұнды жазғы демалыстың жалғасына айналды. Жазғы науқанның алғашқы маусымында 11 893 оқушы демалыс, сауықтыру және жұмыспен қамтудың түрлі бағдарламаларымен қамтылды. Балалар тілдік, экологиялық, спорттық және бейіндік лагерьлерге қатысып, шығармашылық шеберханаларда, IT-алаңдарда және түрлі танымдық жобаларда өз қабілеттерін шыңдады.

Екінші маусымда да оқушылар үшін ғылымға қызығушылықты арттыратын, шығармашылық ізденіске жетелейтін және болашақ мамандықтарымен таныстыратын жаңа жобалар жүзеге асырылуда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий