Екібастұзда жаңартылған Конституция құндылықтарына арналған бейнемарафон басталды

Екібастұз өңірінде Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының қолданысқа енгізілуіне арналған «Конституция – менің болашағымның негізі» атты бейнемарафон бастау алды.

Жоба педагогтерді, мектеп парламенттерінің көшбасшыларын, жастар мен қоғам өкілдерін бір алаңға біріктірді. Бейнеүндеулерінде қатысушылар Конституцияның әрбір азаматтың өміріндегі маңызы, азаматтық жауапкершілік, заңға құрмет және қазіргі Қазақстанның дамуына негіз болатын құндылықтар туралы ой-пікірлерімен бөліседі.

Бейнемарафонның алғашқы қатысушысы – «Қайнар» балалар-жасөспірімдер кешенінің мәдени-бұқаралық бөлімінің меңгерушісі, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы медальдің иегері Мадина Түсіпова. Ол өз сөзінде Конституцияның құқықтық мемлекеттің, қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың берік негізі екенін атап өтіп, жаңартылған Ата Заң жастардың өз әлеуетін жүзеге асыруына, бастамаларын қолдауға және елдің қоғамдық өміріне белсенді араласуына кең мүмкіндік беретінін айтты.

Бейнемарафон алдағы уақытта да жалғасады. Білім беру саласының өкілдері, мектеп парламенттерінің көшбасшылары мен қоғам белсенділері Конституцияның маңызы, оның қоғам өміріндегі рөлі және әділдік, заң үстемдігі мен азаматтық жауапкершілік қағидаттарына негізделген Қазақстанның болашағы туралы өз ойларын ортаға салады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий